Қазақстанда 1 ш.м. жаңа баспана құны қазанда 0,2% өсті

Күні: 13:59, 09-11-2018.

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2018 жылдың қазан айында алдыңғы аймен салыстырғанда 1 шаршы метр жаңа баспана құны 0,2%-ға өсті,  деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті таратқан хабарда.
Статкомитетінің мәліметтерінше, жаңа үй мен тұрмысқа жайлы қайта сатылып жатқан үйлердегі 1 шаршы метр баспана құны қазанда сәйкесінше, Т265 319 және Т184 851 тұрды, ол ағымдағы жылдың алдыңғы айындағы көрсеткіштен 0,2% жоғары (жыл басынан бері –сәкйесінше, 2% және 1,3%)», делінген хабарда.
Статақпарға сәйкес, қазанда қыркүйекпен салыстырғанда тұрмысқа жайсыз баспана құны өзгерген жоқ және Т114 260 құрады, жыл басынан бері - 2,2% өсті.    
Тұрмысқа жайлы баспананың 1 шаршы метрінің жалға берілу бағасы Т1366 (сәйкесінше, -0,1% және +4,6%) болды.


Жаңалықтармен бөлісу: