Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап барлық тіркелмеген ұялы телефон нөмірлері бұғатталмақ

Күні: 11:28, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. Қазақстанда 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық тіркелмеген ұялы телефон нөмірлері бұғатталмақ.
«ҚР инвестициялар және даму министрлігінің талаптарына байланысты 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тіркелмеген нөмір бойынша жүрген байланыс қызметтері тоқтатылатынынан хабардар етеміз», - деп көрсетілген «Кселл» АҚ сайтындағы хабарда.
«Әлбетте, біз тіркеу мерзімдері бойынша абонеттеріміздің алдына қатаң шектеулер қойғымыз келмес еді, бірақ бұл жағдайда біз заңнаманың бұйрығын сақтап отырмыз. Сонымен қатар, нөмірді тіркей отырып, абоненттің оны қолдану мүмкіндіктерінің кең спектрін алатынын еске салып кеткен жөн, және бұл абоненттің өзі үшін талассыз басымдық болып табылады», - деп атап өтті «Теle 2 Қазақстан» коммерциялық директоры Миндаугас Убартас.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 25 млн-нан астам белсенді нөмір бар, және, сарапшылардың пікірінше, қалың жұрттың 3% абоненті нөмірді тіркеусіз қолдануда, жартысынан көбінің SIM-карталары басқа тұлғалардың атына ресімделген.


Жаңалықтармен бөлісу: