Қазақстанда 10-нан астам сотталушыға химиялық кастрация жазасы кесілді

Астана 10 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанда 10-нан астам сотталушыға химиялық кастрация үкімі шығарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК).
«Химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану сот-психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша сот шешімі негізінде жүзеге асырылады. (...) Бүгін соттың химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы үкімімен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 11 сотталған адам пенитенциарлық жүйеге келді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
ҚАЖК бұл сотталғандардың барлығын медициналық-консультативтік комиссиядан тексерілгенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта осындай іс-шараны екі сотталушыға жүргізуде (Павлодар және Ақмола облыстарының мекемелерінде)», - деп хабарлады комитет.
Министрлік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес химиялық кастрация 18 жастан асқан адамдарға кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы қылмыс жасаған кезде қолданылатынын еске салды.
Еске салсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан педофилдерді мәжбүрлі химиялық кастрациялау туралы заң қабылдады. Сарапшылардың айтуынша, инъекция хирургиялық кастрациядан айырмашылығы, адамгершілікке негізделген. Мамандар сотталушыны бостандыққа шығар алдында инъекциялар жасамақшы, педофилдің қорытындысын шығару мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын олар сот-психиатриялық сараптамаға жіберіледі. Химиялық кастрация педофилия диагнозы расталған жағдайда ғана қолданылады. Бүгін Қазақстанда екі адам - Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында химиялық кастрациядан өткізілді.
Босатылғаннан кейін, кастрацияға сотталған әрбір сотталушыға ең жақын медициналық мекемеде айына кемінде 3 рет инъекция алуға келеуі тиіс.

adimage