Қазақстанда 11-13 сәуірде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда 11-13 сәуірде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Кезекті Атлантикалық циклон барлық кезең ішінде найзағаймен жаңбыр, кезең соңында оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде бұршақ және екпінді желмен қатты жаңбыр тудыра отырып, Қазақстан аумағы арқылы жылжиды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі», - делінген жұмадағы хабарда.
Болжамға сәйкес, республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді.

adimage