Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ - Данияр Дәуірәлиев. Қазақстанда 120-дай қар барысы мекен етеді, деді ҚР зоология институтының ғылыми қызметкері Юрий Грачев.
«Шамамен 100-120 қар барысы бар шығар», - деді ол сәрсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне берген түсініктемесінде.
Ғалымның мәліметтерінше, қар барысы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында мекен етеді.
«Егер таулар болса, ол батыс Тянь-Шаньнан бастап Алтайға дейін. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай – міне осы таулар, бес тау жүйесінің барылығында да қар барысы мекен етеді», - деді Ю. Грачев.
Бұл ретте өткен ғасырдың 80-ші жыл басына Қазақстанда мекен ететін қар барыстарының саны 180-200 бас болған.
Ғалымның айтуынша, барыстардың санының азаюына соқытаратын себептер көп.
«Олардың ішіндегі ең негізгісі - браконьерлік. Оның ішінде терісі үшін барыстың өзіне де браконерлік пен олардың қорек етіп жүрген аша тұяқты аңдарға да браконьерлік ең бастысы», - дей келіп ол, тау ешкілерінің, еліктердің, маралдар, архарлар мен қабандардың да сандарының азайып бара жатқанын айтты.
Одан басқа, «қазір туристердің тауларға көптеп шығуынан» аңдарды «шошыту факторы» да бар.
Ол, мемлекет қар барысын зерттеуге Т5 млн қаржы бөлгенін айтты.
«Өте аз сома. Ол тек таза зерттеуге ғана», - дейді Ю. Грачев.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады деп күтілуде30 Қараша 2023, 09:08
-
Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды29 Қараша 2023, 18:19
-
Алматыда 460 көшетті жойылды: полиция күдіктілерді ұстады29 Қараша 2023, 17:11
-
Қарағандыда ЧВК «Вагнер» құрамында соғысқан қазақстандыққа үкім шықты29 Қараша 2023, 16:38
-
Қазақстанда қар жамылғысы қашан жайғасады?29 Қараша 2023, 16:13