Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда 14-15 сәуірде COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 2727 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 15 сәуірі аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 281 321 (өткен тәулікте 2656), адам өлімі – 3333 (14 сәуірде 27); 2020 жылғы 1 тамыз 2021 жылғы 15 сәуір аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 51 695 (14 сәуірде 71), адам өлімі – 742 (14 сәуірде 1 адам)», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 36 868 адам емделіп жатыр (36 393–КВИ+ және 475 КВИ-), оның ішінде стационарларда 12 941 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 23 927 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 616, өте ауыр халде жатқаны – 168, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 118», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 241 625 адам жазылып шыққан.
Денсаулықминінің ақпарынша, КВИ-ге қарсы вакцинаны 576 459 адам алған.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53