Қазақстанда 16-17 мамырда COVID-19 және пневмонияны 1838 адам жұқтырды

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда 16-17 мамырда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 1838 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 17 мамыры аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 362 030 (өткен тәулікте 1837), адам өлімі – 4095 (16 мамырда 22); 2020 жылғы 1 тамыз 2021 жылғы 17 мамыр аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 54 153 (16 мамырда 1), адам өлімі – 863 (16 мамырда 3 адам)», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 38 151 адам емделіп жатыр (37 694–КВИ+ және 457 КВИ-), оның ішінде стационарларда 13 768 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 24 383 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 756, өте ауыр халде жатқаны – 192, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 110», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 320 241 адам жазылып шыққан.
Денсаулықминінің ақпарынша, КВИ-ге қарсы вакцинаны 1 871 823 адам алған.

adimage