Қазақстанда 17-18 қазан аралығында COVID-19 бен пневмонияны 1396 адам жұқтырды

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 17-18 қазан аралығында COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 1396 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 18 қазаны аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 919 5332 (өткен тәулікте 1387), адам өлімі – 11 797 (17 қазанда 46); 2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 17 қазаны аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 78004 (17 қазанда 9), адам өлімі – 4969 (17 қазанда 7 адам)», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 52 225 адам емделіп жатыр (45 706– КВИ+ және 6519 КВИ-), оның ішінде стационарларда 9130 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 43 095 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 627, өте ауыр халде жатқаны – 168, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 96», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 862 030 адам жазылып шыққан.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамын денсаулықминінің ақпарынша, 8 054 450 адам алған, екінші құрамын – 7 167091.

adimage