Қазақстанда 1772 адам 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пневмония жұқтырған

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда 1772 адам 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пневмония жұқтырған, деп хабарлады ҚР бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
«Егер 2019 жылдың қорытындысы бойынша пневмониядан өлген адам санын 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырар болсақ, онда жалпы 2019 жылы қайтқан адамдар санымен 2020 жылы қайтқан адамдар саны арасында айтарлықтай өзгеріс білінбейді, егер 2019 жылдың алты айында 1780 адам көз жұмған болса, 2020 жылдың алты айында 1772 адам қайтыс болып отыр. Бұл ретте біз атап өткендей, ағымдағы жылдың маусымында пневмониядан қайтқан адам саны өсіп, 628 адамды құраған. Ауруға шалдығу дерегіне келер бослақ, осы жылдың жартыжылдығында алдыңғы жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 55%-ға өсіп, маусым айында төрт есе көбейген», - деді Есмағамбетова жұмадағы брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, соңғы уақытта пневмония жұқтырған науқастарға диагностика жасау барысында ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен. Қазіргі таңда Қазақстанда қоздырушы пневмонияны анықтау мақсатымен тексеру жүргізілуде.

adimage