Қазақстанда 18 млн астық жиналды – АШМ

Күні: 18:33, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда 18 млн астық жиналды, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев.  
«Бүгінге 18 млн тоннадан астам астық жиналды», - деді А. Евниев жұма күні ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнін мен тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында.
«Астық жинау қазір бірқатар мүмкін аудандарда жалғасуда. Диқандар кез келген мүмкіндікті пайдалануда, атап айтқанда, түнде де аязды пайдалануда. Осындай егістік көктемге қалғанда да тиісті сапамен егін жинаудың тәжірибесі бар», - деді ол.
А. Евниев жергілікті атқару органдарының мәліметтерінше, ондай учаскелер ауданы егістіктің жалпы ауданының 1,5-2%-нан аспайды.
Бұдан бұрын АШМ Қазақстандағы дәнді дақылдар түсімі таза салмақта 15,5 млн тонна болады, деп болжаған.


Жаңалықтармен бөлісу: