Қазақстанда 19-20 сәуірде COVID-19 бен пневмонияны 2831 адам жұқтырды

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда 19-20 сәуірде COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 2831 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 20 сәуірі аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 294 946 (өткен тәулікте 2696), адам өлімі – 3459 (19 сәуірде 23); 2020 жылғы 1 тамыз 2021 жылғы 20 сәуір аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 52 025 (19 сәуірде 135), адам өлімі – 757 (19 сәуірде 3 адам)», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 39 318 адам емделіп жатыр (38 889–КВИ+ және 429 КВИ-), оның ішінде стационарларда 13 756 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 25 572 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 671, өте ауыр халде жатқаны – 185, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 101», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 252 598 адам жазылып шыққан.
Денсаулықминінің ақпарынша, КВИ-ге қарсы вакцинаны 766 614 адам алған.

adimage