Қазақстанда 20 мыңнан астам науқас COVID-19 дертінен амбулаториялық жағдайда емделуде

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 20 мыңнан астам науқас COVID-19 дертінен амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 171 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 458 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 454 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 104 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген 11.08.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратта.
Соңғы ақпар бойынша, Қазақстанда коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 100 164 дерегі тіркелді, 73 702 адам жазылды, 1269 адам қайтыс болды.
1 тамыздан бастап Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмонияны жұқтырудың
13 280 дерегі тіркеліп, 164 адам көз жұмған.

adimage