Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 20 тамызға дейін республикалық ата-аналар жиналысын өткізу жоспарлануда, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық мәселесі қаралды. (…) Үкімет басшысы оқытудың барлық әдістемесін қайта қарауды аяқтауды және 20 тамызға дейін алдағы оқу процесі туралы толық ақпарат беру үшін онлайн-режимінде республикалық ата-аналар жиналысын өткізуді тапсырды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Маминнің айтуынша, «үкімет барынша мұқтаж отбасылардағы 500 мыңнан астам баланы компьютер техникасымен қамтамасыз етеді».
«Әкімдіктер жергілікті деңгейде компьютерлік техникамен қамту мәселесін қосымша қарау керек», - деді премьер.
Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен педагогтердің оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуын, мұғалімдердің тиісті оқудан өткізілуін, интернет-платформаларда және теледидарда қажетті контенттің толық көлемде дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Оқулықтар 25 тамызға дейін беріледі. Оқулықтардың қағаз жүзіндегі нұсқаларының бәрінде міндетті түрде электрондық нұсқалары болуы тиіс, олар қолжетімді болуы қажет. Цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен және байланыс операторларымен бірлесіп, білім беру ресурстарының қолжетімділігі мен орнықтылығын, сондай-ақ елді мекендерде интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз ету тапсырылды», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, 2020-2021 оқу жылында Қазақстанның 7 391 мектебінде 3,3 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 396 мыңнан астам бала білім алады.
«Қазіргі жағдайда оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан өтеді. Оқытудың дәстүрлі форматы барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, тек шағын форматтағы мектептерде, сондай-ақ бастауыш мектептің «кезекші» сыныптарында сақталады», - делінген хабарда.
Бұған дейін ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 18,5 мың оқушы мен 24 мың мұғалімнің жеке компьютерінің жоғын хабарлаған еді. Оның айтуынша, оқушылар үшін 6 мыңнан астам телесабақ түсіру жоспарланып жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17