Қазақстанда 2015 жылы бес машина-трактор стансасы ашылады

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда 2015 жылы бес машина-трактор стансасы ашылады, деп хабарлады «ҚазАгро» ҰБХ басқарма төраға орынбасары Қайрат машина-трактор стансасы ашылады Айтуғанов.
«Біз 2015 жылы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында 5 машина-трактор стансасы ашылады»,- деді бейсенбі күні Қ. Айтуғанов.
«Біз биыл Ақмола облысы Зеренді ауданында «Көкшетау МТС» ЖШС аштық», - деді ол.
«Егер сала бойынша бізде еңбек өнімділігі 3-4 мың болса, «ҚазАгро» жобасы бүгіндері 13 мың доллар беріп отыр. Бұл жобада еңбек өнімділігі 25 мың доллар болды», - деді ол.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

adimage