Қазақстанда 2018 жылдың 11 айында тұрғын үй саласындағы мәміле саны өсті

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2018 жылдың 11 айында тұрғын үйді сату-сатып алу саласындағы мәміле саны 10 % өсті, делінген ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарында.

«2018 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10%-ға артты», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Бұл ретте 2018 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелер саны 23 460 құрады және өткен аймен салыстырғанда 14%-ға азайды.

Тұрғын йді сату-сатып алу өарөынының барынша өсімі Маңғыстау облысында тіркелген (өсім 38,6%), ең азы– Солтүстік Қазақстан облысында (2,7% төмендеген), Алматыда тұрғын үйді сату-сатып ал мәмілесі 2018 жылдың 11 айында 2017 жылмен салыстырғанда 10,1% көп болды, Астанада – 6,6% жоғары.

adimage