Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда биыл 8 айда жалпы құны 117,7 млрд.теңге болатын 19 мыңнан аса автомобиль құралды, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндіріс көлемі 638,1 млрд.теңгеден асып, өндірістің өсімі – 13,8%-ды құрады. Автомобиль құрау машина жасау салаларыарасында ең үлкен өсім қарқынынкөрсетті. Биыл 8 айда жалпы құны 117,7 млрд.теңге болатын 19 мыңнан аса автомобиль құралды (ФКИ 150,1%). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп», - деп хабарлады жұмада ҚР ИДМ-нен.
Өндірістің жылдам өсуіне нарықтағы сұраныстың артуы, экспорттық нарықтардың ашылуы, сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңілдетілген автонесие мен лизингтік қаржыландыру бағдарламалары сеп болды. Бұл бағдарламалар автомобиль жасау секторының дамуына оң серпін берді. Егер 2017 жылы сатылған әрбір үшінші автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылған болса, 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі.
Еске салсақ, 20 қыркүйекте «Қазақстан машина жасау одағы» ЗТҰ басқармасының төрағасы Мейрам Пшембаев 2018 жылдың соңына қарай машина жасау саласындағы өндіріс көлемі Т1 трлн. асады деп мәлімдеген болатын.
Қазақстанда 2018 жылдың 8 айында Т117,7 млрд сомаға 19 мың көлік жасалды
