Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – 2018 жылы республикадағы қауіпті өндірістік нысандарда 27 оқиға тіркелді, онда 17 адам жарақат алған, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылы республикадағы қауіпті өндірістік нысандарда 27 оқиға тіркелді, онда 17 адам жарақат алып, 6 адам қайтыс болды. Барлық апат тексеріліп, тиісті шаралар қабылданды», - делінген хабарда.
Атап айтқанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздіктің төмен деңгейі белгіленді. Онда 2018 жылы 4 апат болған.
«10.03.2018 жылы Костенко атындағы шахтада конвейрлік лентаның, көмір ұнтағының (шаңы) және конвейрлік квершлагтағы кабельдік желінің тұтануы орын алды; 25.03.2018 жылы БАС-ЖЭО (бу ауа үрлеуші станция жылу электр орталығы) қазандық цехының бас ғимаратында 32 дана болатын 2 қатар жабын тақтайшасы құлаған; 31.03.2018 ж. оттегі цехының аумағында сығымдалған ауа желісі мен азот желісі үзілген; 10.11.2018 ж. оттегі цехы аумағынан оттегі конвертерлік цехының оттегі тарату нүктесіне дейін 1000 метрден астам технологиялық құбырдың (оттегі құбыры, азоттық құбыр, сығымдалған ауа) бұзылуы орын алды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талабына сәйкес уәкілетті орган жылына тек бір рет қана тексеруге мүмкіндігі бар.
«2014 - 2018 жылдар аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытында арнайы тәртіпте 5 тексеріс, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау үшін жоспардан тыс бес тексеру жүргізілді. Тексерістер барысында 5153 өнеркәсіптік қауіпсіздік талабының бұзылғаны анықталып, 89 тұлғаға айыппұл салынды. Атап айтқанда 74 жеке тұлғаға 843965 мың теңге, 15 заңды тұлғаға 10 056 250 млн. теңге айыппұл салынды. 642 қауіпті өндірістік нысанның, техникалық құрылғылардың және ғимараттардың жұмысы тоқтатылды», - делінген хабарда.
Ведомство ақпарынша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 9 мыңнан астам өнеркәсіптік кәсіпорынға және 220 мыңға жуық қауіпті өндірістік нысандарға мемлекеттік қадағалау жүргізеді.
Қазақстанда 2018 жылы республикадағы қауіпті өндірістік нысандарда 27 оқиға тіркелді, онда 17 адам жарақат алған - ҚР ИИДМ
