Қазақстанда 2018 жылы тіркелген интернет-бұзушылықтардың 92,9%-ын DDos-шабуылдар құрайды

Күні: 15:46, 17-10-2018.

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2018 жылы тіркелген интернет-бұзушылықтардың 92,9%-ын DDos-шабуылдар құрайды, деп хабарлады ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі интернеттің ұлттық сегментінің негізгі қорғалу (қауіпсіздік) көрсеткіштері туралы хабардар етеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызметі» РМК ақпараты бойынша 2018 жылғы 9 айда Мемлекеттік органдардың интернетіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзінде (бұдан әрі – ИҚБШ) тіркелген оқиғаның ортақ санының 92,9%-ын DDos-шабуылдар құрайды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.  
Халықаралық электр байланыс одағының қамқорлығымен соңғы жылдар ішінде барлық дерлік мемлекеттермен БҰҰ-ның ауқымды киберқауіпсіздік бағдарламасы шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласының қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде, сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет қызметі үшін елдің аумағында орналасқан, инфрақұрылымды қолдануды болдырмау жөніндегі бірқатар қажетті шаралар реті қабылданды», - делінген хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, қалған бөлігін бағдарламалық қамтылымдағы анықтау әрекеттері және осалдықты пайдалану – 3,1%-ын, серверлерге және бағдарламаларға арналған құпия сөздерді таңдау, автоматтандырылған («brute force») – 1,42%-ын, зиянды бағдарламалық қамтылымды тарату (оның ішінде шифрлаушы-вирустар) – 1,48%-ын және бұзу – 1,1%-ын құрайды.
«Барлық шабуылдар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жүзеге асырылған, өйткені Қазақстанда хакерлердің іс-әрекетіне тыйым салынған және заң бойынша қудаланады», - деді ҚАҒМ.  


Жаңалықтармен бөлісу: