Қазақстанда 2019-2020 жылдарға пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізіледі

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019-2020 жылдарға пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізіледі, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019-2020 жылдарға пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 8-ші желтоқсан күні 00.00 бастап кейбір бағыттардың өзгеретіндігі туралы хабарлайды: №375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды; №85/86 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 - Сарыағаш» деп өзгереді; сол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар - Нур-Султан-1» бағыты бойынша қатынайды», - делінген жұмадағы хабарда.
Жаңа кестеге сәйкес, күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады.
«Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді: № 153/154 «Нұр-Сұлтан- Семей» енді № 353/354 пойызы болып өзгереді; № 375/376 «Нұр-Сұлтан-Өскемен-1» енді № 67/68; № 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78;
Жеке тасымалдаушылар: № 312/311 «Нұр-Сұлтан- Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ке қарасты); № 307/308/ «Нұр-Сұлтан- Жезказған» енді №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС);№ 617/618 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС)», - делінген хабарда.
Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

adimage