Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарында баспана нарығындағы мәміле саны 8,5% түсті

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарында баспананы сатып алу-сату мәмілесінің саны 8,5% түсті, делінген ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарында.

«2019 жылғы қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 19,885 мыңды құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға азайды. Бұл ретте 2019 жылғы қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелер саны былтырғы жылғы сәйкес аймен салыстырғанда 21,4%-ға артты», - делінген хабарда.

Тұрғын үйді сату-сатып алу қарқынының барынша өсімі Ақтөбе облысында тіркелген (өсім 9,5%), ең азы– Қостанай облысында (30,6% төмендеген), Алматыда тұрғын үйді сату-сатып ал мәмілесі 2019 жылдың қаңтарында 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 13,4% аз болды, Астанада – 4,4% аз.

adimage