Қазақстанда 2019 жылдың қазан айының соңында заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі төмендеген

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың қазан айының соңында заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі төмендеген, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,8%-ға ұлғайып, 2019 жылғы қазанның соңында 13 501,9 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 118,8 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға – 6 383,1 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға ұлғайды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 161,3 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,7%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға – 2,5%-ға өсті.
«Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 340,6 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,2%-ға, жеке тұлғаларға - 2,7%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы қазанның соңында 82,7%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 77,1%)», - деді қаржылай реттеуші.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 540,1 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 961,7 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға азайды.
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2019 жылғы қазанда 2 092,0 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға төмендеді (экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінен 15,5%)», - деді Ұлттық банктен.
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,8%), сауда (12,2%), құрылыс (5,1%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.
«2019 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0%-ды (2018 жылғы желтоқсанда – 11,7%), жеке тұлғаларға – 18,0%-ды (17,2%) құрады», - делінген хабарда.

adimage