Қазақстанда 2019 жылдың бес айында жаңа кредит беру көлемі 14% астам өскен

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың бес айында жаңа кредит беру көлемі 14% астам өскен, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.
«Банктердің кредиттік белсенділігі кеңеюде. Жаңа кредиттер беру ағымдағы жылғы 5 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға ұлғайды. Мамырда бизнеске теңгемен кредиттер бойынша ставка өткен жылғы мамырдағы 12,5%- бен салыстырғанда 11,9%-ға дейін төмендеді», - деп хабарлады бейсенбідегі сенат отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.
Ұлттық Банк басшысы хабарлағандай, экономиканы ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында Басым жобаларды кредиттеу бағдарламасы іске асыруда.
«Осы бағдарламаны іске асыруға 10 банк қатысады. 28 маусымда 130,1 млрд теңгеге 146 өтінім қабылданды, оның ішінде 33,8 млрд теңгеге 69 жоба мақұлданды және 18,5 млрд теңгеге 38 қарыз берілді», - деп нақтылады қаржылай реттеуші.
Сондайй-ақ, Ұлттық Банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Ол басталған сәттен бастап жеңілдік талаптармен 7 645 отбасы 89,0 млрд теңге сомаға ипотекалық қарыз алды.
«Таяу уақытта тағы бір мыңнан астам отбасына қарыз беріледі. Нәтижесінде, тұтастай алғанда ипотекалық кредиттеу қарқынды дамуда. «7-20-25» бағдарламасы басталғаннан бері 12 айда банктердің ипотекалық портфелі 1,4 трлн теңгеге дейін 24,8%- ға өсті», - деді Ұлттық банк басшысы.
Ұлттық Банк Төрағасы кредиттеудің өсуіне қорландыру базасын сапалы жақсарту да ықпал ететінін атап өтті.
«Шетел валютасындағы салымдарды теңгедегі салымдарға ауыстыру үрдісі жалғасуда. Депозиттердің жалпы көлемі 17,9 трлн теңгеге жетті. Ал депозиттерді долларландыру деңгейі 2019 жылғы мамырдағы қорытынды бойынша 39,1%-ға дейін төмендеді», - деді Досаев.

adimage