Қазақстанда 2019 жылдың үш айында 200-ден астам бала педофильдердің құрбаны болған

Күні: 14:40, 06-05-2019.

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың үш айында 200-ден астам бала педофильдердің құрбаны болған, деп мәлімдеді #НеМолчиKZ қозғалысының көшбасшысы Дина Таңсәрі (Смаилова).
«Биыл Қазақстанда балаларға қатысты жасалатын сексуалды зорлық деңгейі айтарлықтай өсіп кеткен! Қазақстанда күніне екіден астам бала зорлық-зоблықтың құрбаны болған! 2019 жылдың үш айында 207 бала сексуалды зорлық-зомбылыққа тап болған», - деп келтірген Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметтерін.
Сондай-ақ, ол хабардар еткендей, 2019 жылдың үш айында (ҚР ҚК 120 бабы) 48 бала зорланған, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 63,3% көп.
«Үш айда сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті (ҚР ҚК 121 бабы) 42 балаға қатысты жасалған, бұл былтырғы санмен салыстырғанда 110% өскен. Үш айда 116 кәмелетке толмаған балаға қатысты заңғы қайшы әрекеттер (Қр ҚК 122 бабы) жасалған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 20,18 % өскен», - деді Таңсәрі.


Жаңалықтармен бөлісу: