Қазақстанда 2019 жылдың желтоқсанында фармацевтика өндірісі бір жарым есе қысқарды

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда 2019 жылдың желтоқсанында фармацевтика өндірісі бір жарым есе қысқарды, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың желтоқсанында негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі алдыңғы аймен салыстырғанда 46% төмендеді», - делінген хабарда.
2018 жылдың желтоқсанында 37,9% төмендеді.
«Бұл ретте 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында фармацевтика өндірісі 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 12,2% өскен», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 26 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Қытайдан коронавирустың таралуына жол бермеу шараларын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

adimage