Қазақстанда 2019 жылдың желтоқсанында жылдық инфляция өсті

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың желтоқсанында жылдық инфляция өсті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылғы желтоқсанда инфляция 0,7% (2018 жылғы желтоқсанда – 0,7%) болды. Жылдық инфляция 5,4% (2018 жылғы желтоқсанда – 5,3%) деңгейінде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәліз ішінде тұр», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,0%-ға, ақылы қызметтер – 0,7%-ға өсті.
«2019 жылғы желтоқсанда халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 5,6% болды», - деді Ұлттық банктен.

adimage