Қазақстанда 2019 жылы материалды-тұрмыстық жағдайы төмен төрт абақты жабылды

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қазақстанда 2019 жылы материалды-тұрмыстық жағдайы төмен төрт абақты жабылды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев баяндамасында.
«Түрмедегі адамдарды қысқарту нәтижесінде материалды-тұрмыстық жағдайы төмен 12 ҚАЖ (қылмыстық-атқару жүйесі - ҚазТАГ) жабылды, оның төртеуі – 2019 жылы жабылды», - делінген жұма күні сенаттағы үкімет сағатында таратылған Тұрғымбаевтың баяндамасында.
Сондай-ақ, құжатта атап өтілгендей, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан «түрме халқы» әлемдік рейтингінде 98-орында тұр.

adimage