Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2020 жылғы үш демалыс күні ауыстырылды, деп хабарлады сәрсенбі күні ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
«Демалыс күндері: 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», - делінген 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР үкіметінің қаулы мәтінінде.
Хабарда атап өтілгендей, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08