Қазақстанда 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 10,5 тонн уран өндірілген

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 10,5 тонн уран өндірілген, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 10 434 тонна уран өндірілді», - делінген Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың Түркістан облысының Созақ ауданындағы уран өндірісімен айналысатын «КАТКО» БК» ЖШС кәсіпорнына сапарының қорытындысы бойынша бейсенбі күні таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, «КАТКО» БК» ЖШС жарты жылда 1 554 тонна уран өндірген.
Қазақстан Республикасының аумағында уран өндірісімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ айналысады. Компания еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге 13 уран өндіретін кәсіпорынға біріктірілген 24 кен орнын игеруде.

adimage