Қазақстанда 2020 жылы Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтуге дайындық басталады

Күні: 19:20, 30-05-2019.

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда 2020 жылы Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтуге дайындық басталады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін: 1.Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын (бұдан әрі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы) дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрсын», - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында бейсенбі күні.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы қаулы етті: 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекдііту; Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдауды; 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді; Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыруды, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдауды; Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтауды.
Сонымен қатар Абай Құнанбайұлыың мерейтойымен байланысты бірқатар тапсырмалар берді.


Жаңалықтармен бөлісу: