Қазақстанда 2020 жылы халық санағының қашан жүргізілетіні белгілі болды

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда 2020 жылы халық санағының қашан жүргізілетіні белгілі болды, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Халық санағын жүргізетін мерзім анықталды - 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығы. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілді: планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді- ол сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді; респондеттердің өздері толтыра алатын санақ қағаздары бар арнайы сайт жасалды; «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орны бар. Санақ жүргізілген уақытта халықты қолдау мен ақпараттандыруға арналған call-орталық құрылды», - делінген таратылған хабарда.
Халық санағының кейбір алдын-ала мәліметтерін 2020 жылы алу жоспарлануда.
2021 жылы халық санағының алдын-ала қорытындысын жариялау, ал 2022 жылы ақырғы қорытындысын алу жоспарлануда.

adimage