Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері бір жарым тонна есірткі тәркіленді

   Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ-Мәдина Әлімханова. Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері бір жарым тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл департаменті (ЕБД) бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев.  
   "Осы жылдың төрт айында 918 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 636 өткізу фактісі және 176 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактісі анықталды. Нұр-сұлтан қаласы мен Атырау облысының аумағында каннабис тобының есірткілерін жеткізумен және өткізумен айналысатын екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді. Бір жарым тоннаға жуық түрлі есірткі, оның ішінде 1 тонна 137 кг марихуана, 285 кг гашиш және 61 кг синтетикалық есірткі тәркіленді", - деді Мұхаметқалиев дүйсенбіде  өткен брифингте.
   Сондай-ақ, ол 2022 жылдың төрт айында Нұр-сұлтан (үш), Алматы (Бір), Ақтөбе (Екі), Алматы (Бір), Шығыс Қазақстан (екі), Жамбыл (бір) және Қарағанды (бір) облыстарында 11 есірткі зертхананын ісі тоқтатылғанын хабарлады. Есірткі өндірісіне қатысқан 15 азамат ұсталды. 56 кг есірткі және 165 литр прекурсор тәркіленді.
  Сонымен қатар, ел жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 423 жүргізуші ұсталды.

adimage