Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда 2025 жылға дейін электр энергиясы мен қуатының профициті күтіледі, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың басында Энергетика министрлігі тарапынан 2019-2025 жылдарға арналған жеті жылдық болжам балансы бекітілген. Баланс мәліметтеріне сәйкес, ескі энергетикалық қуаттарды шығару мен жаңаларын іске қосуды ескере отырып, 2025 жылға дейін электр энергиясы мен қуатының профициті болатыны болжанып отыр», - деп хабарлады дүйсенбіде энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәжілістегі үкімет сағатында.
Болжамдық балансқа сүйенсек, 2025 жылы электр қуатын тұтыну 18 260 МВт деңгейінде ескерілген (2018 жылғы фактіге қарағанда өсім 3 566 МВт).
«Бұл ретте тіпті қажетті қуаттың нормативті резервін ескергеннің өзінде (шамамен 2000 МВт көлемінде) 2025 жылға қарай Қазақстан ЕЭС-ы бойынша 966 МВт көлемінде қуат артылып қалады деп болжануда. Электр қуатына сұранысты қамтамасыз ету үшін болжалды баланста қолданыстағы стансаларға 3 567 МВт көлемінде қосымша электр қуатын енгізу және жаңа стансалар құрылысын енгізу, соның ішінде қуаты 1 296 МВт болатын ЖЭК нысандары санын енгізу ескерілген», - деді министр.
Қазақстанда 2025 жылға дейін электр энергиясы мен қуатының профициті күтіледі
