Қазақстанда 2176 тұрғын үй апатты жағдайда

Күні: 16:16, 01-11-2018.

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 2176 тұрғын үй апатты жағдайда, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 78 657. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағылары 53 089 үй. Күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 20 437. Ал, апатты жағдайда тұрған үйлердің саны 2 176», - деп хабарлады бейсенбіде ҚР ИДМ-нен.  
Ведомство ақпарынша, 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 2 669 үй немесе 3,4% жөнделді, 489 үй немесе 3% қайтарылмалы қаражат есебінен жөнделді. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды 14 938 басқару органы жүзеге асырады.


Жаңалықтармен бөлісу: