Қазақстанда 23-24 қазан аралығында COVID-19 бен пневмонияны 1677 адам жұқтырды

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда 23-24 қазан аралығында COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 1677 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 24 қазаны аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 928 211 (өткен тәулікте 1677), адам өлімі – 11292 (24 қазанда 39); 2020 жылдың 17 наурызы мен 2021 жылдың 24 қазаны аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 77 960 (24 қазанда 171), адам өлімі – 4850 (24 қазанда 5 адам)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 59 458 адам емделіп жатыр (51 373 – КВИ+ және 8 085 КВИ-), оның ішінде стационарларда 10 147 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 49 311 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 753, өте ауыр халде жатқаны – 227, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 142», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 779 869 адам жазылып шыққан.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамын денсаулықминінің ақпарынша, 7 228 047 адам алған, екінші құрамын – 6 059 729.

adimage