Қазақстанда 28 ақпан – 1 наурыз аралығында COVID-19 бен пневмонияны 671 адам жұқтырды

Астана. 2 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 28 ақпан – 1 наурыз аралығында COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 671 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 1 наурызы аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 214 089 (өткен тәулікте 658), адам өлімі – 2772 (28 ақпанда 13); 2020 жылғы 1 тамыз 2021 жылғы 1 наурыз аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 49 307 (28 ақпанда 13), адам өлімі – 628 (28 ақпанда үш адам)», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 19 694 адам емделіп жатыр (13 535 –КВИ+ және 6 159 КВИ-), оның ішінде стационарларда 4360 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 15 334 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 250, өте ауыр халде жатқаны – 48, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 44», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 197 782 адам жазылып шыққан.

adimage