Қазақстанда 3-4 наурыз аралығында COVID-19 бен пневмонияны 901 адам жұқтырды

Күні: 11:49, 05-03-2021.

Астана. 5 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 3-4 наурыз аралығында COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 901 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 4 наурызы аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 216 467 (өткен тәулікте 857), адам өлімі – 2791 (3 наурызда 8); 2020 жылғы 1 тамыз 2021 жылғы 4 наурыз аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 49 462 (3 наурызда 44), адам өлімі – 635 (3 наурызда ешкім тіркелмеген)», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 18 882 адам емделіп жатыр (13 236 –КВИ+ және 5 646 КВИ-), оның ішінде стационарларда 4506 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 14 376 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқанджар арасында жағдайы ауыры – 226, өте ауыр халде жатқаны – 53, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 50», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 200 440 адам жазылып шыққан.


Жаңалықтармен бөлісу: