Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда 31 мектеп апатты, тағы 842-сіне күрделі жөндеу керек, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева.
«Бізде 31 мектеп апатты жағдайда. Сонымен қатар жыл сайын күрделі жөндеу керек мектептер саны да артуда. Бүгінде 842 мектеп жөндеуден өтуі керек, егер уақытылы жөндеу жүргізілмесе, олар да апатты мектептер қатарына кіреді. Одан басқа Қазақстанда қазіргі таңда 128 үш ауысымды мектеп жұмыс жасауда, оқушы орнының тапшылығы да көбейіп келеді. Бұған қарамастан 2018 жылы мемлекеттік бағдарламадан апатты мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептер үлесі алынып тасталған, ал жыл сайын аталмыш көрсеткіш орындалмай келеді. Мемлекеттік бағдарламадан бұл көрсеткіштер неге алынып тасталды? Білім министрлігі қашан орташа жедел мерзімде секілді, ұзақ мерзімге де білім беру ұйымдары желісін болжаудың нақты механизмін әзірлейді?» - деп сұрады Жұмаділдаева білім және ғылым министрі Асхат Аймагамбетовтен дүйсенбідегі үкімет сағатында.
Өз кезегінде министр 2019 жылы күрделі жөндеу қажет 751 мектептің тек 341-не жөндеу жұмыстарының жасалғанын айтты.
«Аталмыш көрсеткіш керек. Біз бүгінгі таңда әзірлеген жаңа бағдарлама жобасында ол көрсеткіш бар. Біз көрсеткіш болған жағдайда ол оның орындалуына түрткі болады, жергілікті атқарушы орган да, жалпы мемлекет ол проблеманы шешуге тырысатын болады деп санаймыз. Оған қоса, сіз күрделі жөндеу туралы айттыңыз, ол көрсеткіш те қайтарылады, себебі 751 мектепке күрделі жөндеу керек болса, биыл оның тек 341-не ғана жасалды. Ал уақытында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбеу, апатты мектептер санын арттырады», - деді Аймағамбетов.
Ол сондай-ақ, бүгінгі таңда білім беру ұйымдары желісін болжау механизмінің жоғын айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34