Қазақстанда 38 мыңнан астам мүгедек баспанаға мұқтаж

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда 38 мыңнан астам мүгедек баспанаға мұқтаж, деп мәлім етті ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«Жергілікті атқарушы органдардың ақпарынша, республика бойынша баспанаға зәру жандар есебінде 1 және 2 топ мүгедектері бар - 38 814 адам; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 18 639 адам», - деді Ж.Қасымбек сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол нақтылағандай, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында коммуналды тұрғын үй қорынан баспана алған азаматтар саны 258 адам: бұлар 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек балалары бар немесе сондай балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 73 адам.
«Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мембағдарламасы аясында кезекте тұрғандар үшін, соның ішінде мүгедектер санаты үшін біз жалға берілетін үйден 3473 пәтер саламыз», - деді Ж. Қасымбек.