Қазақстанда 400 мыңнан аз БЖЗҚ салымшысының жинағы Т5 млн және одан да көп

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Валентина Владимирская. Қазақстанда тек 390 839 мың БЖЗҚ салымшысының жинағы Т5 млн астам, деп хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) АҚ.
«2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам; 501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін - 1 590 837 адам; 1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін - 2 348 114 адам; 3 млн - 5 млн. теңгеге дейін - 634 188 адам; 5 млн - 8 млн теңгеге дейін - 238 931 адам; 8 млн теңгеден асатын сомаға - 151 908 адам ие», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Құжатқа сәйкес, сонымен өз шоттарында зейнетақы жинақтары бар 10 870 610 міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) 5 615 939 – ерлер болса, 5 254 671 – әйел азаматшалар. Олардың жалпы жинағы 11 942 813 млн. теңге, оның ішінде 7 040 032 млн. теңге ер азаматтарға тиесілі, ал 4 902 781 млн. теңге – әйелдердің шотында.
Сонымен қатар, ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге.
1998 жылдан бері тұрақты түрде зайнетақы жарнасын аударып келе жатқандар арасында ер адамдарда орташа жинағы - Т5,8 млн және әйелдерде – Т4,4 млн.

adimage