Астана. 11 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда 42500 теңге алуға өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
«11 мамырдан бастап 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылды. Алайда 11 мамырға дейін берілген өтініштерді еңбек министрлігі қарастырады, оң шешім қабылданған жағдайда ол азаматтарға 42500 теңге төленеді», - деді Нұрымбетов дүйсенбіде.
Ол нақтылағандай, Т42,5 мың көлеміндегі жәрдемақыны барлығы 4,5 млн адам алған.
Қатысты сілтемелер
-
«Қазақтелеком» Tele2 мен Altel-ді катар компаниясына сату туралы шешім қабылдады4 Мамыр 2024, 17:54
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,52-ге өсіп, Т441,58 болды4 Мамыр 2024, 17:30