Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – 42500 теңгеге өтінім қабылдау 17 шілдеден басталады, деп хабарлады Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Біз жұма күні азаматтардың өтініш беруге мүмкіндігі пайда болады деп үміттенеміз, ал дүйсенбіден бастап төлемдерді тағайындауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз жекелеген санаттағы азаматтар үшін проактивті форматта төлем тағайындау мүмкіндігін қарастырамыз», - деді сейсенбіде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Министр біржолғы төлемді тағайындауға өтінімді: жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер; карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бере алатынын айтып өтті.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.
Еске салсақ, 13 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасатынын хабарлаған еді. Мемлекет басшысы шілде айына мұқтаж жандарға үкіметтің Т42,5 мың төлейтінін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34