Қазақстанда +44°С дейін ыстық ауа-райы күтіледі

Астана. 12 мамыр. ҚазТАГ- Қазақстанда +44°С дейін ыстық ауа-райы күтіледі, деп хабарлады «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Иран аумағынан жылы ауа массаларының жылжуы Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райының орнауына себеп болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35+44°С, орталықта +35+38°С, Ақмола облысында да +30+35°С дейін аптап ыстық күтіледі»,- делінген 13-15 мамыр күніне арналған ауа райы болжамында.

Алайда, баршаға бұл жазғы ауа райынан ләззат алу бұйырмайды: батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде күшті жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.

Фото көзі: Фото из открытых источников


adimage