Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша Т35 млрд қарыз беру мақұлданды

Күні: 19:00, 12-11-2018.

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ –  «7-20-25 Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй несиесі бағдарламасы бойынша Т35,1 млрд қарыз беру мақұлданды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.  
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша қарыз алуға 52,6 млрд. теңге сомасына 4 443 өтініш қабылданды. Оның ішінде 35,1 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 2 925 өтініш мақұлданды», - делінген дүйсенбіде ҚР ҰБ таратқан хабарда.  
Еске салсақ, 5 қазанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында «7-20-25» жеңілдік ипотекасы бағдарламасының жүзеге асырылуына қарай өңір әкімдерінің қызметтеріне баға берілетінін атап өткен болатын.  


Жаңалықтармен бөлісу: