Қазақстанда 7 жеңіл атлетика орталығының құрылысы жүріп жатыр

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда 7 жеңіл атлетика орталығының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Спорттың, оның ішінде жеңіл атлетиканың танымалдылығын арттыру біздің саясатымыздың маңызды бағыты. Қазақстанда 7 озық жеңіл атлетика орталығының құрылысы жүріп жатыр - Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Павлодарда, Ақтөбеде, Талдықорғанда, Атырауда және Өскеменде. Бұл осы спорт түрінің одан әрі таралуына ықпал ететін болады», - деді 2 желтоқсан күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының президенті лорд Себастьян Ньюболд Коэ бастаған делегациямен кездесуде.
Хабарда айтылғандай, тараптар білікті жаттықтырушылар персоналын даярлауда, жеңіл атлетиканы бұқаралық спорт түрі ретінде танытуға және балалар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізуде ынтымақтастық перспективаларын талқылады. .
Хабарда атап өтілгендей, бүгінде 20 мыңнан астам қазақстандық жеңіл атлетикамен айналысады, оның ішінде 11 мыңы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде оқиды, 600-ден астамы кәсіби спортпен шұғылданады.
Еске салсақ, Қазақстан 1993 жылдан бері Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) мүшесі. Қазақстандық спортшылар 20-дан аса марапат иеленді, оның ішінде 2000 жылы Сиднейде алтын медальға (Ольга Шишигина) және 2012 жылы Лондонда алтын медальға (Ольга Рыпакова) ие болды.

adimage