Қазақстанда 8,5 мыңнан астам түлек «Алтын белгіге» үміткер

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда 8,5 мыңнан астам түлек «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазіргі таңда Қазақстанда 7 412 мектеп бар. Оларда 3 349 069 бала оқиды. Осы жылы 9 сынып түлектері - 266 897, 11 сынып түлектері - 144 706 бала болды. Түркістан облысында түлектердің саны ең көп – 24 мыңнан астам. «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер болып отыр», - деп хабарлады дүйсенбі күні 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша өзекті мәліметтерін ұсынған БҒМ.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге, ведомство ақпарынша, 130 мыңнан астам адам қатысады. Оның ішінде 111 017 бала - биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 бала - колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.



adimage