Қазақстанда 80-нен астам турфирма заңсыз жұмыс жасап жатыр

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда 80-нен астам туристік фирма заңсыз жұмыс жасап жатыр, деп хабарлады «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының (КҚ) баспасөз қызметінен.
«Бүгінгі таңда «Туристік Қамқор» тізілімінде 49 туроператор бар. (…). Бұл ретте Қазақстанда көшпелі туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асырып жатқан компаниялардың саны - 140. Сонда қалған 80-нен астам компания заңсыз жұмыс жасап, демалыс кезінде шетелдегі қазақстандықтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қорда нақтылағандай, 2018 жылы 200 адам жалпы Т137 млн сомаға жеті турфирма мен олардың менеджерлерінің алаяқтық әрекетінің құрбаны болды. Атап айтсақ, тек маусымда ғана баспасөз қызметінің ақпарынша, турфирма тарапынан алаяқтықтың төрт дерегі анықталған.
«Мәселен, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 миллион теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жарамсыз жолдамаларды сатқан. Зардап шегушілердің айтуынша, оларда қонақүйлерге барғанда броньдары расталмағаннан кейін-ақ күдік туған. Сол айда Алматыда турфирмалардың алаяқтықтарынан 10 адам зардап шеккен. Шығын сомасы 10 миллион теңгеден асқан», - деді баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, хабарланғандай, 47 үнділік турист Қазақстанға келуге қажет құжаттарын рәсімдеуге міндеттенген фирмаға Т5 млн төлеген. Алайда, белгілі болғандай, фирма оларға виза толтырмаған және ақшаларын да қайтармаған. Нәтижесінде олар сол күні сапарға шығу мүмкіндігіне ие болды, әлбетте басқа компанияның араласуының арқасында.
«Тағы бір жағдай 2018 жылдың маусымында Қарағандыда болды, 18 адам полиция арқылы турагенттіктің директорын іздестірген, себебі олар соның кесірінен демалысқа ұша алмаған, билеттері, қонақүйердегі орындары төленбеген, қарызға кірген. Ал қыркүйекте Өскеменде 60 –тан астам адам туркомпанияның әрекетінен зардап шеккен. Директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген залал сомасы 30 миллион теңгеден асқан», - делінген хабарда.
Тағы бір жағдай қазан айында, қордың ақпарынша, алаяқ-компаниядан Оңтүстік Кореяға 50 адам тур сатып алғанда орын алған. Алаяқтардың барлық құрбандары тиісті арызбен полициға жүгінген. Жалпы шығын көлемі Т17 млн болған.
Желтоқсан айында Ақтөбеде турфирманың менеджері Т56 млн. сомамен қашып кеткен. Сотта турфирманың өкілінің айтуынша, «болмай қалған демалыс үшін турфирманың кінәсі жоқ» деп мәлімдеді, себебі турфирманың өзі қылмыстық іс бойынша зардап шегуші тарап болып табылған, ал менеджерге халықаралық іздеу жарияланған.
«Жалпы 2010 жылдан бастап жыл сайын жаз кезінде туроператордың банкротқа ұшырауы, немесе алаяқтық схемасы, немесе чартерлік әуекомпанияларының проблемалары орын алып отырған. Осы уақыт аралығында 12 мыңнан астам зардап шегуші тіркелсе, келтірілген шығын сомасы ондаған миллион доллардан асқан», - деп атап өтті қор.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстанда азаматтардың құқығына кепілдік беру жүйесі іске асырыла бастағалы көшпелі туризм саласында жүйе әкімшісі - «Туристік Қамқор» қоры шетелде демалатын қазақстандықтарға 623 мың туркод берген.
«2017 жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге демалуға тек туркод арқылы шығу ұсынылуда. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде қиындыққа тап болған отандастарына көмектесуге, отанына оралуына көмектесуге арналған. Ең алдымен бұл жосықсыз турфирмалардың әрекетінен зардап шеккендерге қатысты. Осылайша, қазақстандық туристер туркоды болған жағдайда күтпеген жағдайлар туындағанда кепілді қолдауға ие болады», - деді қордан.
Туроператорға кодты КҚ жарнаны төлегеннен кейін (0,5 АЕК – бір туристке Т1202. Бұл соманы турист үшін туроператор төлейді) және банктік кепілдемені ұсынғаннан кейін (Т12 млн-нан Т36 млн дейін) береді.
«Туристік код 11-13 (баратын еліне байланысты) әріптік-сандық таңбадан тұрады. Ол әр жолдаманы рәсімдегенде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін керемет. Күтпеген жағдай туындаған жағдайда турист қормен хабарласып, өз туркодының нөмірін айтады және алдағы 24 сағат ішінде шұғыл көмек көрсетілуін күтеді», - деп түсіндірді КҚ-нан.

adimage