Қазақстанда Ақмола облысында сенбі күні бұрқасын күтіледі

Алматы. 25 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның Ақмола облысында 26 қаңтарда бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет».
«26 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Астана қ.: бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
«27-28 қаңтар аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, 27-29 қаңтар Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27-28 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 28-29 қаңтар аралығында Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі», - делінген хабарда.

adimage