Қазақстанда ақпандағы орташа айлық жалақы 167 мыңнан астам теңгені құрады

Күні: 18:25, 13-03-2019.

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – 2019 жылдың ақпанында орташа айлық кесімді жалақы 167682 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің комитетінен.
«2019 жылдың қаңтарында тұрғындардың жан басына шаққандағы кесімді жалақысы 94975 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтарына қарағанда 10,5% артық, аталмыш кезеңдегі нақты ақшалай кіріс 5,1% артқан», - делінген хабарда.
Бұл ретте көрсетілгендей, 2019 жылдың ақпанында жұмыссыздар саны 440,3 мың адамды құраған.
«Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,8% құрады. Жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны 2019 жылдың ақпанында 131,8 мың адамды құрады, немесе жұмыс күшінің 1,4%-ы», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: