Қазақстанда АҚС үш ірі желілерімен мұнай өнімдерінің тұрақты қоры жасалады

Күні: 16:08, 28-10-2014.

Алматы. 28 қазан. КазТАГ - Куба Туратбеков. ҚР энергетика министрлігі автомай құю станцияларының (АҚС) үш ірі желісімен бірге мұнай өнімдерінің тұрақты қоры жасалады, деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің бас сарапшысы   Нұрбек Амангелдіұлы.
«ҚР премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 қазанында ҚР энергетика министрілгі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС секілді мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушылардың негізгілерімен бірге мұнай өнімдерінің тұрақты қорын құру бойынша біріккен, келісілген әрекеттері туралы меморандумға қол қойды», - деді ол сейсенбіде «Автокөлік отынының тапшылығы: құдық қасында шөліркеу» тақырыбындағы сараптамалық талдау барысында.  
Сонымен қатар энергетика министрлігі Кеден одағы (КО) елдері аясында баға қою әдістемесін үйлестіру бойынша шаралар қабылдауды ұсынып отыр.  
«Мұнай өнімдеріне деген акциз жоғарылылығын бір мезетте өзерте отырып, көлікке салық салу мәселесін қарастыру. Аталмыш шара тұтынушыға салықты көлік құралын нақты қолданған уақыты үшін ғана төлеуге, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін төлем көлемінің арту мәселесін шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Н. Амангелдіұлы.
Бұған дейін хабарланғандай, 21 қазанда ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанның АИ-92 маркілі бензинінің 50 мың тонна көлемінің тұрақты қоры құрылатынын  және тапшы болып отырған ЖЖМ импортының географиясының арттырылатынын  айтқан болатын.  


Жаңалықтармен бөлісу: