Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ - 2019 жылы қаңтар-сәуірде Қазақстанда мұнай өндіру 25,349 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2% кем. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде айтылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 4 айда 4,209 млн. тонна газ конденсаты өндірілді (-5,7%), табиғи газ – 7,792 млрд текше метр (-1,5%), көмір – 38,221 млн. тонна (-1%) өндірілген.
Қазақстанда қаңтар-сәуірде мұнай өндіру 0,2% -ға қысқарды
